Дауыс беру

Кітап оқығанды ұнатасыз ба, ұнатсаңыз қандай жанрды?












Кітапханалық афиша

ЖЕТІ ЖАРҒЫ

ЖЕТІ ЖАРҒЫ

Бізге түгел болмаса да келіп жеткен қазақ әдет-ғұрып құқығының ірі жинақтарының бірі — Тәуке ханның "Жеті Жарғы" заңы. Бірақ бізге бұл заң жинағының XIX ғасырда Г. Спасский мен А.И. Левшин жазып қалдырған кейбір фрагменттері ғана жеткен. Дегенмен де, XVIІІ-ХІХ ғасырлардағы қазақ қоғамында қолданылған құқықтық нормалардың анализі кейбір зерттеушілерге "Жеті Жарғы" жеті бөлімнен құралған деген негіз береді. Олар:
1)  Жер дауы;
2)  Жесір дауы;
3)   Неке-отбасы қатынастарын реттейтін құқықтық нормалар;
4)  Сотта іс жүргізу тәртібін реттейтін құқықтық нормалар;
5) Әскери іс және мемлекетті басқару саласындағы құқықтық нормалар;
6)Айып төлеуді көздейтін қылмыстық құқық нормалары;
7)Құн төлеуді көздейтін қылмыстық құқық нормалары.
"Жеті Жарғы" заң жинағын жасауға қазақтың атақты Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би, т.б. қатысқандығы тарихтан белгілі. "Жеті Жарғы" адам құкықтарын қорғаудағы ерекше құқықтық құжат болып табылғандығында дау жоқ.
Қазақ әдет-ғұрып құкығы билер сотының практикасымен толықтырылып отырды. Прецеденттік құқық - зерттеудің қызығушылық тудыратын объектілерінің бірі болып табылады, ол нақты іс бойынша бидің шығарған шешімі және ол бұдан былай ұқсас істерді шешуде басшылыққа алынды. Қазақта ауыр дауларды оңай шешкен билер болды. Ол туралы қазақта "Ердің құнын екі ауыз сөзбен шешкен" деп билер жайында айтылған фольклорлық деректер көп. Әсіресе мұндай шешімдерді Майқы би, Едіге би, Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би, т.б. билердің практикасынан көп кездестіруге болады. Тіпті атақты билердің биліктері (үкімдері) ұқсас істерді қарағанда міндетгі басшылыққа алынып отыратын болған. Билер соты практикасының мұндай сот прецеденті әдет-ғұрып құқығынын бастауларының біріне айналды. Оған, мысалы "Тапқан қуанады, таныған алады," "Қанжыға тон сақтайды, тон жан сақтайды," "Тұсау ат сақтайды, ат ер сақтайды, ер ел сақтайды," "Қара халыққа хан ие, қара жерге халық ие," "Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ" т.б. сөздері көптеген билердің даулы істі шешкенде қолданып, кейінгі билерге өсиет ретінде қалдыруын ерекше атап айтуға болады.
Қазақ әдет-ғұрып құқығы үнемі қалыптасып, дамып отырды. Барлық әдет-ғұрыптар құқықтың маңызды қайнар көзі болып табылатын билер сотының практикасымен (бидің билігі) толықтырылып, өзгертіліп отырды. Билердің шешімдері XIX гасырдың екінші жартысына дейін ауызша сипатта болды. Олар көбінссе фольклорлық деректерден көрініс тапты. XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап билердің үкім-шешімдерінің қысқаша мазмұны жазылған кітаптар енгізілген еді. Билер сотының үкімдері кейде жазбаша құжат түрінде жеке ресімделетін.
Қазақ даласындағы соттық прецеденттерге билер алқалы түрде қатысатын. Билер шешімімен қабылданған үкімдер билер сотының практикасында ұқсас істерді шешуде басқа билер үшін үлгі қызметін атқарған. Билер дауға үкім айтқан кезде Майқы би, Едіге би, Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би, т.б. атақты билердін шешімдеріне сілтеме жасайтын. Мұның өзі қазақ әдет-ғұрып құқығындағы соттық жүйенің өте жоғары денгейде болғандығының көрінісі, себебі даулы істі алқалы түрде қарастырған кезде белгілі бір құқық бұзушының кінәлі-кінәсіздігін анықтау оңайырақ.
Қазақ әдет-ғұрып құқығына бір жағынан, елеулі әсер еткен және екінші жағынан онын қайнар көздерінің бірі болған — шариғат нормалары. "Жеті Жарғыда" шариғатка байланысты бірнеше қағидалар болды. Мәселен, онда "Кұдайға тіл тигізген адам (7 адам куәлік берсс) таспен атып өлтіріледі, өзге дінге өтіп кәпір болған адам мал-мүлкімен айдалады" деген ережелер болды және олардын орындалуы қатаң бақыланып отырды.
Дегенмеи шариғат нормалары қазақ қоғамында ерекше артықшылық жағдайға жете алмады. Олар көбінесе әдет-ғұрып құқығымен тұтастықта болды. Шариғат нормаларының ықпалы әсіресе Қазақстанның отырықшы аудандарында үлкен болды.

Дереккөзі: Байжанова Қ. «Дәстүрлі қазақ қоғамындағы құқық тарихы жайында» мақаласынан үзінді.
Қазақтың ата заңдары: құжаттар, деректер және зерттеулер – Древний мир права казахов: 10 томдық [Мәтін]/ Бағдарлама жетекшісі С.З. Зиманов. – Алматы: Жеті жарғы, 2003 – (Қазақ академиялық университеті).
2-том. – 2003. – 464 бет.

 


Кітапхана жаңалықтары
19 Желтоқсан 2012
Кітапханадағы кездесу
Талай боздақтың қаны төгіліп, жастарға жазықсыз жапа шектірген Желтоқсан оқиғасына биыл 26 жыл толды. Ширек ғасыр өтсе де, қанды
 
13 Желтоқсан 2012
«Азаттықтың ақ таңы» кеші.
Ата-бабамыздың сан ғасырлар бойы армандаған асқақ арманы - тәуелсіздік, тарихымызда алтын әріппен жазылған желтоқсан оқиғасымен келгені
6 Желтоқсан 2012
Балалар әдебиетінің шоқжұлдызы
   5 желтоқсан 2012 жылы А.Гайдар атындағы қалалық балалар кітапханасында  бар ғұмырын бөбектер бақытын жырлауға арнаған аяулы ақын Жақан Смақовтың 80-
 
5 Желтоқсан 2012
«Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» көлемді ашық кітап көрмесі.
  30  қарашада А.Гайдар атындағы қалалық орталық  балалар кітапханасында Елбасы Н.Назарбаевқа арналған «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» атты  көлемді ашық кітап көрмесі  ұйымдастырылып, қойылған кітаптарға библиографиялық
30 Қараша 2012
Дөңгелек үстел «Жастар Елбасына теңеледі»
 1 желтоқсан Тұңғыш Президент күні елімізде алғаш рет аталып өткелі отыр. Осыған орай 2012 жылдың 29 қараша күні С.Сейфуллин атындағы
 
20 Қараша 2012
«Дорога на Коунрад» кеші.
Михаил Русаков.  Балқаш өңіріне  танымал есім. Атақты Қоңырат, Саяқ кен орындарының ашылымдары осы есіммен байланысты.    
9 Қараша 2012
«Махаббат, қызық мол жылдар» дөңгелек үстелі
Биыл 2012 жылы ҚР халық жазушысы, «Даңқ», «Құрмет белгісі» ордендерінің, бірнеше халықаралық сыйлықтардың иегері, «Махаббат жыршысы» Ә.Нұршайықовтың туғанына
 
9 Қараша 2012
Еске алу кеші «Естен кетпес отты жылдар»
7 қараша күні С.Сейфуллин атындағы орталық кітапханада «Естен кетпес отты жылдар» атты еске алу кеші өтті.  
25 Қазан 2012
Ұлтым деп соққан ұлы жүрек
24 қазан 2012 жылы А.Гайдар атындағы қалалық балалар кітапханасында  халқымыздың біртуар перзенті, қазақтың қайсар ұлы, аса көрнекті патриот ақын Мұхтар
 
23 Қазан 2012
«Мақал –сөз мәйегі» зияткерлік сайысы
Қазіргі ұрпақтың  өмір тәжірибесі аз, сондықтан оған айтатын ақыл-насихат, өнеге-өсиет әрі әсерлі, әрі ойда қалатындай мәнді болу


Үкіметтік қорлар


Таратулар

"Балқаш қаласының орталықтандырылған кiтапхана жyйесi" ММ




 

 



Cайт бойынша іздеу

Доллар США
 
150.84
Евро
 
194.09
Российский рубль
 
4.83

Прогноз погоды

Караганда
 
+14
Балхаш
 
+12
2010 © "Балқаш қаласының орталықтандырылған кiтапхана жyйесi" ММ
cbss@list.ru
Әзірлеген және қолдаған:
«Creatida» Интернет-компаниясы