"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Білгенге маржан


Баб Ата кесене-мешіті

Баб Ата кесене-мешіті – қазақ даласындағы шежірелі жерлердің бірі. Баб Ата (Ысқақ баб) Түркістан өлкесіндегі беделді дін иелерінің бірі болған. Оның қабірінің басындағы құлаған көне мазарының орнына XIX ғасырда жаңа күмбез салынды. Күмбез күйдірілген шаршы кірпіштен ортағасырлық үлгіде бой көтерген. Құрылыстың астынғы негізгі бөлмелері төртбұрышты.
Кесененің бас күмбезі биік етіп тұрғызылған. Шағындау екінші күмбез де осы үлгіде қаланған. Баб Ата күмбезінде намаз үлкен бөлме, сағана, діни-рәсімдік, т.б. бөлмелер бар. Бөлмелер сыланып, өрнектелген. Күмбездердің ішкі жағы жазулармен көмкеріліп, өсімдік өрнектермен безендірілген.

 

Дереккөзі: «Сен  білесің бе?» энциклопедиясы / Құраст.: Қ.Ж. Райымбеков, Қ.Т. Байғабылов. – Алматы: Аруна, 2011. – 506 бет.

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика