"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Білгенге маржан


Тоқ ішектің кабынуы

Тоқ ішектің кабынуы (колит) – өте  ауыр сырқат емес. Дегенмен ол адамның көңіл-күйіне айтарлықтай кері әсер етеді. Оған шалдыққан адам көкірек тұсының ауырсынуына не бас ауруына шағымданады. Ток ішектің, яғни тоқ ішектің шырышты кабығы кабынуының қырыққа жуық клиникалық морфологиялык түрі бар. Атап айтқанда, алиментарлық, дәрілік, жіті, жаралы, спастикалық деген сияқты. Тоқ ішек қабынуының клиникалық ағымы, емі және нәтижесі оны туындататын себептерге байланысты.

БЕЛГІЛЕРІ. Тоқ ішек қабынуының басты белгісі – қарын  тұсындағы ауырсыну, іш өткенде не іш қатуындағы сияқты үлкен дәретке қиналып шығу. Мұндай белгілер негізінде тоқ ішек қабынуы үш түрге бөлінеді: қарын тұсында ауырсыну пайда болып, іш өтетін түрі, іш қататын түрі, ең соңғысы – кейде  іш өтіп, кейде іш қататын түрі. Осы белгілерге қоса, науқасты әлсіздендіретін әртүрлі жағдайлар туындайды. Олар: іштің желденуі, ішперде қысымын сезіну, іштің кебуі, ауыздың иістенуі, дәмсізденуі, ықылық, жүректің айнуы (көбінесе таңертеңгілік), лоқсу, тәбеттің нашарлауы, ішектің шұрылдауы. Сонымен қатар бас ауруы, жүрек қағуы, ми айналу, қалтырау,         шып-шып терлеу, бас сақинасы, әлсіздік сияқты белгілеріде бар.

СЕБЕПТЕРІ. Сырқатты туындатушы, әсіресе оның созылмалы дамуына себепші факторлар, өте көп және олар бір-біріне ұқсамайды. Ішекке ас қорыту жолында, тіпті оның жоғарғы бөлімдерінде пайда болған бүкіл бұзылыстар тән. Тістер дұрыс түйіспесе, не тазартылмаса, не болмаса тағам шала шайналып жұтылса, аш ішекке толық қорытылмаған қоймалжың түседі. Ол болса ішекті тітіркендіріп, қабынуға алып келеді.

Асқазан ауруларында да, мәселен, гастрит жағдайында немесе хирургиялық отадан кейін (асқазанның бір бөлігін сылып тастау) тура осындай жағдай туындайды. Ас корыту үдерісіне, сондай-ақ ұйқы безінің, не бауырдың шамасыздығы да зиянын тигізеді. Нәтижеде желінген тамақ толық сіңбейді. Тамақтанудағы зиянды әдеттер, мәселен, уақытында тамақтанбау, корытылуы өте қиын, не болмаса өте жеңіл тағамдарды шектен тыс ұзақ қолдану ішекті тітіркендіреді.

Қазіргі таңда мамандар тоқ ішек кабынуының психосоматикалық себептеріне қатысты мәселеге зор мән беріп отыр.

Науқастың сырқатнамасында тоқ ішек қабынуының көбінесе отбасындағы кикілжің салдарынан да өршитіні жайлы деректер жиі кездеседі. Шынында да адамның көңіл-күйі күйзеліске ұшыраған кезде ішектің белсенділігі нашарлайды.

Ішек қызметінің көңіл-күйге тәуелді болуы сәбилік шақтан ерекше маңызға ие. Баланы кіші не үлкен дәретке шығуға дағдыландыру үшін ата-анасы оны мақтап, марапаттауы тиіс. Кейбір ата-аналар, өкінішке қарай, айқайлап, кейіп жатады. Ал бұл болса балаға деген сүйіспеншілік сезімін жойып, тоқ ішегінің қабынуына жағдай жасайды.

АНЫҚТАЛУЫ. Тоқ ішектің қабынуын анықтау оңай емес. Оның клиникалық көрінісі ас қорыту аппаратының басқа да көптеген ауруларының көріністеріне ұқсас келеді. Сырқатты анықтау үшін, біріншіден, үлкен дәретте жасырынқан, паразиттер, олардың жұмыртқалары мен бактериялар, микроорганизмдер бар ма, жоқ па, соны анықтау керек. Ол үшін дәрет зертханада тексеріледі. Одан кейін де күмән туындаса, колоноскопияға (ток ішекті айна аркылы тексеру) жүгінеді.

ЕМІ. Тоқ ішек қабынуының себепші факторлары көп болғандықтан, оның еміне қолданылатын дәрі-дәрмек түрлері де көп. Көбінесе психотроптық дәрілер қолданылады, өйткені мұнда психосоматикалық компонент басым. Соңғы жылдары целлюлозаға бай тағамдарға ден қойылуда, өйткені олардың құрамында тек науқастарға ғана емес, дені сау адамдарға да пайдалы заттар көп. Ескеретін тағы бір нәрсе: іш жүргізетін синтетикалық дәрі-дәрмектерді қолданбаған жөн, себебі олар ішекті тітіркендіріп, қабынуды күшейтеді.

З. УРДАБАЕВА,

бала дәрігері

Алматы облысы, Іле ауданы.

 

Дереккөзі: «Денсаулық» журналы, - 2011(№5). – 10 бет.

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика