"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Просмотров: 478

Сыздықова Шайзада Рысқұлқызы 1946 жылы 6 мамырда Қарағанды облысы Балқаш қаласында дүниеге келген. Абай атындағы №2 орта мектептің 9-сыныбын тәмамдағаннан кейін, Абай атындағы Саран педагогикалық училищесіне оқуға түседі. 1965 жылы оқуын аяқтап, педагогикалық қызметін өзі оқыған Абай атындағы №2 орта мектебінен бастады. Шайзада Сыздықова жұмысын жасай жүріп, Қазақ Мемлекеттік Университетінің география пәні мұғалімі мамандығы бойынша бітірді (1973 ж.).

          70-ші жылдары Абай атындағы №2 орта мектеп Қ.Қағазбековтың басшылығымен республикадағы білім саласындағы жаңашылдықтарды енгізу бойынша тәжірибелік алаң болды. Оқу орны балалар күні бойы қалатын мектеп - кешенге айналды. Мұнда олардың 3 рет тамақтануы, күндізгі ұйықтауы қарастырылған, қызығушылықтары бойынша үйірмелер, музыкалық, спорттық, өнер мектептерінің филиалдары жұмыс істеді. Ш.Сыздықова осы тәжірибенің жетекшісі және аға тәрбиешісі болып тағайындалды.

          1980-1993 жылдары Ш.Сыздықова Абай атындағы №2 орта мектептің директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып қызмет атқарды. Ол оқу-тәрбие үрдісіне этнопедагогика бойынша республикалық «Елім-ай» бағдарламасын даярлық сыныбынан бастап 10-шы сыныпқа дейін енгізді, яғни, мектеп білім беру саласындағы осы педагогикалық тәжірибенің алғашқы қатысушысы болған еді. Сондай-ақ, мұнда атақты Мағауия Хамзиннің авторлық мектебінен домбырашылар білім алып шықты.

          Ш.Сыздықова еңбекқорлығы, кәсібилігі, жауапкершілігі мен мақсаткерлік қабілетінің арқасында 1993 жылы оқу жоспары бойынша оқытудың 18 нұсқасы қарастырылған этнопедогогикалық бағыттағы №8 орта мектептің директоры лауазымына тағайындалды. Мұнда 7-сыныптан бастап музыка сабақтары, музыка тарихы аптасына 7 сағаттан оқытылды. Мектепте әрқайсысында 200-300 баладан 3 хор, қазақ, корей, орыс, татар, ансамбльдері, домбыра, қасықшылар, гитаристер, үрмелі оркестрлері жұмыс істеді. №8 орта мектептің 12 түлегі Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясын бітіріп, қазіргі таңда әртіс, музыкант, диктор, жүргізуші болып еңбек атқаруда.

           Ш.Сыздықова қаланың қоғамдық өміріне әрқашан белсене араласа жүріп екі рет депутат болып сайланған сонымен қатар облыстық, қалалық білім бөлімдерінің кәсіподақ комитетінің мүшесі, Абай атындағы №2 орта мектептің партиялық ұйымын басқарды. Ұлттық театрдың жұмысына белсене қатысты (1967-1970 ж.ж.), қалалық теледидарда дикторлық тәжірибесі бар және (1967-1980 ж.ж.), мектеп хорының старостасы. Балқаш қаласында алғаш тойланған Наурыз мейрамын жүргізді (1989 ж.).

          Шайзада Рысқұлқызы 45 жыл өмірін  білім беру саласына арнап, 2001 жылы лайықты демалысқа шықты. Бірақ, ол кісі бұрынғысынша әлі де іскер және ширақ, қалалық Ардагерлер кеңесі мен «Ардагер» клубының, Қоғамдық келісім кеңесінің мүшесі, қалалық Аналар кеңесінің төрайымы (2015 жылдан бастап) және «Балқаш сазы» ардагерлер хорының жетекшісі. Ш.Сыздықова 2015 жылдың қазан айында Қазақстан халқы Ассамблеясының республикалық Аналар кеңесінің ІІ съезіне қатысты. 2016 жылдың мамыр айында облыстық «Асыл әже, дана әже» әжелер байқауында І орынға және «Алтын әже» номинациясына ие болды.

          Ш.Сыздықованың көпжылғы адал еңбегі марапаттармен еленіп, «Аға оқытушы» атағының (1987ж.), «Еңбек ардагері» медалінің (1990ж.), «Қазақстан Республикасының Білім беру үздігі» төсбелгісінің (1994 ж.) иегері, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың алғысымен  2015 жылы және 2016 жылдары Үлкен халықаралық энциклопедияның алтын медальдарымен марапатталған.

         Балқаш қалалық мәслихатының 2022 жылғы 31 тамыз №15/121 шешімімен Сыздықова Шайзада Рысқұлқызы «Балқаш қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді.

 

Мақалалар тізімі:

  1. Қажытай, А. Шығармашылық шаттығы / А.Қажытай // Балқаш өңірі. - 2011. - 13 сәуір (№40). - 8 б.
  2. Мақсұтұлы, Қ. Нәубет құрбандарын еске алды / Қ.Мақсұтұлы // Пульс. – 2011. – 3 июня (№22). – С. 2
  3. Сәденов, Қ. Театр – екінші үйіміздей еді / Қ.Сәденов // Пульс. – 2012. – 27 апреля(№17). – С. 8
  4. Бақторазқызы, Е. «Ардагерлер – ән шырқайды!» / Е.Бақторазқызы // Балқаш өңірі. – 2013. – 30 қаңтар (№12). – 5 б.
  5. Сыздыкова, Ш. Мәңгі есімде қалатын күн  / Ш.Сыздыкова // Пульс. – 2013. – 29 ноября (№48). – 1 б.
  6. Мақсұтұлы, Қ. Көктем мен жаңару мерекесі / Қ.Мақсұтұлы // Пульс. – 2014. – 28 марта (№13). – С. 5
  7. Башар. Ж. Отбасы – өмір шуағы / Ж.Башар // Балқаш өңірі. – 2014. – 17 қыркүйек (№35). – 3 б.
  8. Терлікпаева, Д. Өнер жас таңдамайды / Д.Терлікпаева // Пульс. - 2014. - 13 июня    (№24). - С. 4
  9. Тойымбекова, Ш. Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі / Ш.Тойымбекова // Пульс.- 2014. - 13 июня (№24). - С. 4
  10. Дәрібек, К. Қос құрбының жетпісінші көктемі / К.Дәрібек // Балқаш өңірі. - 2016. - 6 мамыр (№49-50). - 9 б.
  11. Мақсұтұлы, Қ.  Ұстаз. Ана. Қайраткер / Қ.Мақсұтұлы // Пульс. – 2016. – 6 мая (№19). – 5 б.
  12. Бақторазқызы, Е. «Алтын әже» - ортамызда! / Е.Бақторазқызы // Балқаш өңірі. – 2016. – 1 маусым (№25). – 6 б.
  13. Мақсұтұлы, Қ. «Алтын әже» жүлдемен оралды / Қ.Мақсұтұлы // Пульс. – 2016. – 3 июня (№23). – С. 5
  14. Мұқатай, І.  Ұлық мейрам ұлықталды / І.Мұқатай // Балқаш өңірі. – 2016. – 21 қыркүйек (№21). – 8 б.
  15. Сыздықова, Ш. Әния салған әндер-ай! / Ш.Сыздықова // Балқаш өңірі. – 2016. – 9 қараша (№125). – 3 б.
  16. Сыздықова, Ш. Мәңгілік есімде қалатын күн... / Ш.Сыздықова // Балқаш өңірі. – 2016. – 30 қараша (№44). – 5 б.
  17. Сыздықова, Ш. «Президент қолынан гүл алдым» / Ш.Сыздықова // Балқаш өңірі. –2016. – 21 желтоқсан (№104). – 2 б .
  18. Сыздықова, Ш. Ұлттық дамудың ұлағатты үлгісі / Ш.Сыздықова // Балқаш өңірі. –2017. – 14 сәуір (№41-42). – 5 б.
  19. Сыздықова, Ш. Ұлттық идеология отбасынан басталады / Ш.Сыздықова // Балқаш өңірі. – 2017. – 5 шілде (№74-75). – 2 б.
  20. Базылхан, А. Ардагерлер кеңесі есеп берді / А.Базылхан // Балқаш өңірі. - 2018. - 14 қыркүйек (№82). - 1 б.
  21. Жұматова, З. Абыройлы азамат / З.Жұматова // Балқаш өңірі. – 2019. – 6 ақпан(№11). – 5 б.
  22. Кәукербекова, Г. Дәстүр сабақтастығының діңгегі / Г.Кәукербекова // Балқаш өңірі. – 2019. – 17 мамыр (№36). – 2 б.
  23. Кәукербекова, Г. Отбасы құндылығын дәріптеді / Г.Кәукербекова // Балқаш өңірі. – 2019. - 22 мамыр (№37). – 3 б.
  24. Мақсұтұлы, Қ. Аналар кеңесінің алқалы жиыны өтті / Қ.Мақсұтұлы // Пульс. – 2019. – 24 мая (№21). – С. 4
  25. Сыздықова, Ш. Тарихи таңдау – болашақ үшін / Ш.Сыздықова // Балқаш өңірі. – 2019. – 7 маусым (№42). – 2 б.
  26. Муслымов, А. «Балқаш қаласының Құрметті азаматы» атағын беру туралы / А.Муслымов // Балқаш өңірі. – 2022. – 2 қыркүйек (№64). – 2 б.
  27. Күземханов, М. «Ана – өмірдің ажары» / М.Күземханов // Балқаш өңірі. – 2022. – 23 қыркүйек – (№70). – 8 б.
  28. Мақсұтұлы, Қ. Қайта оралған мереке, жаңғырған рух / Қ.Мақсұтұлы // Балқаш өңірі. – 2022. – 28 қазан (№79). – 1-2 б.

 


Дата редактирования: 26 Мамыр 2024

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика